"Джиро д’Италия": "Астана" шабандозы 4-ші нәтиже көрсетті

428

Сенбі күні Италия жолдарында "Джиро д’Италия" веложарысының алғашқы кезеңі өтті. 

"Джиро д’Италия": "Астана" шабандозы 4-ші нәтиже көрсетті Фото: Аstana Team

Жарыс күнінің қорытындысы бойынша INEOS Grenadiers командасының эквадорлық Джонатан Нарваезиз жеңіске жетті. Екінші нәтиже "BAE Team Emirates" словениялық Тадей Погачарға, үшінші орын BORA-hansgrohe өкілі неміс Макс Шахманға бұйырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Венария Реале – Турин бағыты бойынша өткен Гранд-Турдың алғашқы кезеңінің ұзақтығы 140 шақырымды құрады. Қазақстандық Алексей Луценко бірінші кезеңді 22-нәтижемен аяқтады. Лоренцо Фортунато – 26-шы, Хенок Мулубрхан – 43-ші, Симоне Веласко – 65-ші, Давиде Баллерин – 90-шы, Вадим Пронский – 98-ші, Макс Кантер – 98-ші болып мәреге келді.

Ал жексенбі Сан-Франческо-аль-Кампо — Сантуарио ди Оропа жарыс бағыты бойынша екінші кезең өтті. Астаналық шабандоз жеңіс тұғырына бір қадам жетпей қалды. Ал Team Emirates командасының словениялық шабандозы Тадей Погачар жеңімпаз атанды. Колумбиялық Даниэль Мартинес (BORA — hansgrohe) мәреге екінші келді. Үшінші орынды британиялық Томас Жерайнт (INEOS Grenadiers) иеленді. "Астананың" италиялық шабандозы Лоренцо Фортунато қорытынды хаттамада төртінші болды.

"Джиро д’Италия". Екінші кезең

Сан Франческо аль-Кампо — Сантуарио ди Оропа. 161 шақырым

Тадей Погачар (Словения) — 3:54:20

Даниэль Мартинес (Колумбия, BORA — hansgrohe) — +0:27

Томас Герайн (Ұлыбритания, INEOS Grenadiers)

Лоренцо Фортунато (Италия, Астана)

Алексей Луценко (Қазақстан, Астана) — +1:00

Хенок Мулубрхан (Эритрея, Астана) — +1:20

Симоне Веласко (Италия, Астана) — +10:23

Кристиан Скарони (Италия, Астана)

Давиде Баллерини (Италия, Астана) — +13:36

Вадим Пронский (Қазақстан, "Астана").

Жалпы есепте жағдай келесідей:

Тадей Погачар (Словения, БАӘ командасы Әмірліктері) — 7:08:29

Томас Герайн (Ұлыбритания, INEOS Grenadiers) — +0:45

Даниэль Мартинес (Колумбия, BORA — hansgrohe)

Лоренцо Фортунато (Италия, Астана) — +1:05

Алексей Луценко (Қазақстан, Астана) — +1:24

Хенок Мулубрхан (Эритрея, Астана) — +2:41

Кристиан Скарони (Италия, Астана) — +12:42

Симоне Веласко (Италия, Астана) — +18:50

Давиде Баллерин (Италия, Астана) — +24:48

Вадим Пронский (Қазақстан, Астана)

Макс Кантер (Германия, Астана) — +39:04.

Айта кетейік, биылғы маусымның бірінші Гранд Туры "Джиро д’Италияның" жалпы жүлде қоры биыл 1 606 160 еуроны құрайды. Кезеңдегі жеңіс үшін– 11 мың еуро, мәреге бірінші жеткен 20 шабандозға ақшалай сыйлықтар беріледі. Жарысты екінші болып аяқтаған шабандоз – 5508 еуро, үшінші– 2753, төртінші – 1377, бесінші– 1102, алтыншы-жетінші – 826, сегізінші-тоғызыншы– 551, ал 10-20-шы – 276 еуродан алады.

Жалпы классификацияның жеңімпазы әмиянын тағы 115 668 еуроға толтырады. Екінші орын иегері 58 412 еуро, үшінші орын 28 801 еуро алады. Жалпы, алғашқы 20 шабандоз ақшалай сыйлыққа ие болады, оның ішінде екінші ондық – әрқайсысы 2 863 еуродан. Сонымен қатар, жарыс жеңімпазы тағы 150 мың еуро көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болады. Екінші орын иегері – 75 мың, үшінші – 40 мың, төртінші – 7 мың, бесінші – 6500, ал алтыншыдан оныншы орынға дейін – әрқайсысы 5 мың еуродан сыйақыға ие болады. Яғни, Джиро 2024 жеңімпазына жалпы ақшалай сыйлық ретінде 265 668 еуро беріледі.

Сонымен қатар, қызғылт жейде иесі күніне 2000 еуро, ал жарыс соңында цикламен жейдесінің иесі 10 000 еуро, тау патшасының жейдесі 5 000 еуро, сондай-ақ үздік жас велошабандоздың жейде иегері 10 000 еуро алады. Жалпы классификациядағы үздік команда күніне 500 еуро, ал жеңімпаз команда 5 мың еуродан алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу