banner

Сүйкей салған сурет

7620

Аудандардағы мемлекеттік сатып алу жобалық-сметалық құжатсыз, қолдан салынған нобаймен өтіп жатыр.  

Сүйкей салған сурет

26 қазан күні  мемлекеттік сатып алу сайтында Қарағанды облысының Нұра ауданы Киевка кенті әкімдігі аппараты мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен "Киевка кентінің тәуелсіздік көшесі бойындағы екі арканы орнатуға"  баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы № 2069521-1 хабарландыру жарияланды.  

Жұмыс көлемі үлкен емес, бағасы ҚҚС есебінсіз 5,356 млн теңге.
"Әттең-айы" болмағанда бұл хабарландыруға мән бермей-ақ қоюға болар еді. "Құжаттама" деген қосымша бетте "техникалық сипаттама" деген тарау бар, сонда "Арккк.rar" деген файл сақталған. Сол файлда біз әңгіме етіп отырған арканың нобайы көрсетілген.

Нұра ауданының Киевка кенті әкімдігі аппараты ұсынып отырған  техникалық құжаттаманы әзірлеудегі жаңашылдық "керемет" деген туындыларды шаң қаптыратыны сөзсіз.

Нұра ауданы Киевка кенті әкімдігі аппаратының техникалық құжаттама әзірлеушілері  Киевка кентіне ел таңқаларлық арка жасағысы келетін сияқты. Бұған қолдан қарапайым қаламмен А4 форматты қағазға салынған "салтанатты қақпаның" нобайы дәлел.

"Ішкі тексеру инспекциясы хабарландыру берілген сатып алуларға тексеріс жүргізеді, егер қандайда бір заң бұзушылықтың бар екенін анықтаса, онда нақты сатып алуды өткізуге тосқауыл қояды. Алайда жарияланған сатып алулардың саны көп болғандықтан, инспекция барлығын тексеріп үлгермейді. Бұл жерде ешқандай заң бұзушылық жоқ, олардың арканың нобайын ұсынуға құқы бар. Сатып алынатын жұмыстардың техникалық және сапалық сипаттамасы қандай болу керектігін тапсырыс беруші көрсетеді", –дейді мемлекеттік сатып алу саласында кеңес беру қызметімен айналысатын "Қызыл қалқан" ЖШС директоры Наталья Нелюбина.

Сарапшының айтқанын ҚР мемлекеттік сатып алу туралы заң да нақтылайды.

 38-бап. "Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу"

      1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсынысын  ұсыну мерзiмi аяқталғанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттік сатып алудың веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде мынадай ақпаратты:

1) мемлекеттiк сатып алу үшiн бөлiнген сомаларды көрсете отырып, өткізiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың саны, орындалатын жұмысты, көрсетілетін қызмет көлемi туралы;

      2) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасын орналастыруға міндетті.

       6) техникалық өзіндік ерекшелігін көрсете отырып, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасын орналастыруға міндетті.

Эскиз техникалық сипаттама бөлігі болып саналады. Алайда мемлекеттік сатып алуды өткізуге берілген хабарландыруда жобалық-сметалық құжаттаманың сызбасы неге көрсетілмеген, техникалық сипаттамасы неге жарты бет дегеннің түп-төркінін зерттеймей-ақ қояйық, өйткені бұл ішкі тексеріс инспекциясының  міндеті.

Бізді басқа мәселе қызықтырып отыр. Мемлекеттік сатып алулар туралы заңда "әлеуетті өнім берушінiң баға ұсынысын беруі оның мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасында көзделген талаптарды сақтай отырып, тауарды берудi, жұмыстарды орындауды, қызмет көрсетудi жүзеге асыруға келiсiм бiлдiру нысаны болып табылады" деп көрсетілген.

Яғни құрылыс жұмысы біткеннен кейін әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушіге эскизде көрсетілген жұмысты ұсыну керек. Сол кезде әңгіме қалай өрбиді екен...

Олег И. Гусев

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу