"Алматы-Астана-Қазан" халықаралық пойызы жолға шықты

772

"Алматы-Астана-Қазан" халықаралық пойызы жолға шықты

2017 жылдың 12 желтоқсанында Алматы-2 вокзалынан халықаралық 303/304 "Алматы-Астана-Қазан" пойызы сапарға шықты, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

Салтанатты шараға ҚТЖ ұлттық компаниясының, Алматы қаласы әкімдігінің, "Қазақстандық татар және башқұрттар конгресінің" өкілдері мен темір жол саласының ардагерлері қатысты.

Бұрын бұл пойыз "Алматы-Екатеринбург" бағыты бойынша қатынайтын. "Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі" республикалық қоғамдық бірлестігі өтініш жасаған соң пойыз маршруты енді Қазан қаласына дейін ұзартылды.

"Біз ҚТЖ ұлттық компаниясының басшылығына зор ризашылығымызды білдіреміз. Екі ел астаналары арасында тікелей қатынайтын пойыздың жолға шығуы Қазақстанның Тәуелсіздігі мерекесі мен Астананың 20 жылдығы қарсаңындағы елеулі оқиға",- дейді республикалық қоғамдық бірлестіктің төрағасы Тауфиқ Кәрімов.

Барлық мемлекетаралық пойыздарға жасалған жеңілдіктер осы пойызға да жарай береді. Яғни, 2018 жылдың аяғына дейін жолаушылар ертерек қам жасап, алдын ала билет сатып алса, онда 15 пайыздан 55 пайызға жейін жеңілдіктерге қол жеткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу