"АрселорМиттал Теміртау" компаниясына 600 миллион теңге айыппұл салынды

892

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясына 600 миллион теңге айыппұл салынды

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының металлургиялық комбинатына экологияға зиян келтіргені үшін 600 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық экология департаментінің хабарлауынша, қара түсті қардың жаууына бұл айыппұлдың ешқандай қатысы жоқ. Экологтардан, метеоролгтар мен прокурорлардан құралған жұмыс тобы қара түсті қардың жауу себебін қазіргі уақытта анықтап жатыр. 

Жұмыс тобы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың тапсырмасы бойынша құрылып, күн сайын жұмыс жүргізуге міндеттелген болатын. Облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Әлібек Бекмұхамбетовтың айтуына қарағанда, айыппұл қоршаған ортаны ластағаны үшін салынған. 

"Атмосфераға бөлінген зиянды шығарылымдардың артқаны белгілі болып отыр. Рұқсат етілген шығарылымдардың нормативтен артқаны және табиғат қорғау шараларының жоспары орындалмағаны анықталды. Бұзушылықтарды ретке келтіру бойынша тапсырма (предписание) берілді", - дейді Әлібек Бекмаұхамбетов.

Айыппұлдың мөлшері 105 миллион теңгені құрайды. Ал қалған сома - экологияға келтірілген зиян үшін төленетін өтемақы. Еске сала кетсек, бұған дейін Теміртауда қара түсті қардың жаууына желтоқсан айы бойы жел жылдамдығының баяу болуы себеп болуы мүмкін деген пікір айтылған болатын. Жел туралы нұсқаны 9 қаңтар күні өңір әкімдігінде Қарағанды метеорология орталығы директорының орынбасары Валерий Стратиенко айтқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу