"Астана ЭКСПО-2017" басшысының орынбасары тағайындалды

680

"Астана ЭКСПО-2017" басшысының орынбасары тағайындалды

Аллен Шайжүнісов "АСТАНА ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Аллен Сержанұлы Шайжүнісов 2002 - 2006 жылдары дипломатиялық қызметте жұмыс істеді. Әртүрлі жылдары Маңғыстау облыс әкімінің аппараты жетекшісінің орынбасары, "Нұр Отан" халықтық демократиялық партия орталық аппараты секретариатының меңгерушісі, "Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС-ның басқарушы директоры, Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметтерінде еңбек етті.
2015 жылдан бастап "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ ілгерілету және туризм департаментінің директоры болып жұмыс атқарды. 2017 жылдың 6 қарашасында 1 мамыр мен 31 қазан аралығында өтетін "ЭКСПО-2020 Дубай" дүниежүзілік көрмесіндегі Қазақстан секциясының бас комиссары болып тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу