ШОБ-қа қойылатын талаптар 56 пайызға қысқарды

900

ШОБ-қа қойылатын талаптар 56 пайызға қысқарды

"Атамекен" КҰП тарапынын түскен ескертулер мен ұсыныстардың арқасында мемлекеттік органдар тарапынан ШОБ үшін жеңілдіктер жасалуда. Бұл туралы бүгін Астанада өткен кәсіпкерлер конференциясында айтылды.

Конференцияда "Атамекен" палатасының 2013-2017 жылдардағы негізгі нәтижелеріне тоқталған Тимур Құлыбаев, осы уақыт аралығында кәсіпкерлікті қорғау бағытында бизнес өкілдерінен 22 мыңнан астам өтініш түсіп, оның 40 пайыздан астамы оңтайлы шешілгенін атап өтті. Нәтижесінде 92 млрд теңгеден астам сома көлемінде бизнестің мүддесі қорғалды. Бұл күші жойылған айыппұлдар, мемлекеттік органдардың кәсіпкерлерге қайтарған қаржысы, сондай-ақ, бизнестің қорғалған дүние-мүлкі. 
"Атамекен" ҚР КҰП 20 мыңнан астам нормативті-құқықтық актілер мен заң жобаларына  сараптама жасады.  Мемлекеттік органдар палатаның тарапынын түскен ескертулер мен ұсыныстардың 73%-ын (6 500 жоба) назарға алған. Мәселен, Ұлттық палатаның белсенді қатысуымен жаңа Салық кодексі әзірленіп, онда  ШОБ үшін арнайы салық жүйесі қарастырылып, ҚҚС-тың шекті мәні сақталды, әкімшіліктендіру оңтайландырылды. 
"Атамекен" ҚР КҰП белсенді қатысуымен 2014, 2017 жылдары бақылау-қадағалау функцияларына екі ірі реформа жасалды. Былтырғы реформа аясында 540 мемлекеттік функцияның 137-сі алынып тасталды, талаптар көлемі 56%-ға (17 мың) қысқарды, шамамен 1 мың тексеруші қызметі қысқарды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу