"Buy Time Incorporated LLP" басшылығына қарсы қылмыстық іс қозғалды

583

"Buy Time Incorporated LLP" басшылығына қарсы қылмыстық іс қозғалды

Қаржы пирамидасын құрған "Buy Time Incorporated LLP" компаниясының жетекшілеріне қарсы қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды elorda.info.

"ІІМ-нің тергеу департаменті "Buy Time Incorporated LLP" қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету фактісі бойынша СДТБТ-де Қазақстан Республикасының ҚК 217-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелген қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде", - дейді ІІМ баспасөз қызметінен.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аталған қаржы пирамидасының 2017 жылғы наурыздан бастап қарашаға дейін республиканың барлық аумағында қысқа мерзімде мол табыс табуға уәде беріп, әрекет еткені анықталды.

Қазіргі уақытта пирамида әрекетінің нәтижесінде жәбірленушілерді анықтау жұмыстары жүргізілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу