"Қазақстан – Ұлы Дала Елі" қосымшасы әзірленді

1020

"Қазақстан – Ұлы Дала Елі"  қосымшасы әзірленді

"Қазақстан – Ұлы Дала Елі"  қосымшасы әзірленді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстанның шынайы ықшам энциклопедиясы – "Қазақстан – Ұлы Дала Елі" қосымшасы  еліміздің  географиясы, тарихы, мәдениеті, экономикасы, туризмі және халықаралық қатынастары сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтиды.

Мұнда жүздеген бірегей фотосуреттер, бейнеклиптер, 3D нысандар, түрлі келбет, инфографикалар мен интерактивті карталар және басқа да пайдалы ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.

Қосымша Қазақстанға туристік немесе іскерлік мақсатпен келуді жоспарлайтын шетел азаматтары мен туристер, студенттер, зерттеушілер, журналистер мен бизнесмендер үшін таптырмайтын құрал болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу