"Молпродукт" ЖШС Қазақстан даму банкінен 2 миллиард теңге сомасында несие алды

723

"Молпродукт" ЖШС Қазақстан даму банкінен 2 миллиард теңге сомасында несие алды

"Қазақстан даму банкі" АҚ сүт өнімдерін өндіру және оны одан әрі экспортқа шығару мақсатында 3 жылға дейінгі мерзімге "Молпродукт" ЖШС-ға 2 млрд теңге сомасында жаңартылмалы кредиттік желісін ашты, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Қаржыландыру "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ сақтандыруымен "Нұрлы жол" бағдарламасының шеңберінде ашылды.

ҚДБ тарапынан қаржыландыру "Молпродукт" компаниясына өз өнімдерін Ресей нарығына жеткізу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Зауыт өнімін жеткізу күтілетін РФ өңірлеріндегі (Свердлов, Түмен, Челябі, Новосібір, Кемерова, Орынбор, Қорған, Иркутск облыстары, Саха Республикасы) сүт тұтынудың жалпы көлемі жылына шамамен 1,3 млн тоннаны құрайды.

ҚДБ тарапынан қаржыландыру есебінен компания 2018 жылдан бастап өнімнің жыл сайынғы экспортының көлемін 26 800 тоннаға дейін ұлғайтып, оның жыл сайынғы түсімін 4,3 млрд теңгеге дейін жеткізуді көздеп отыр. Осылайша, кәсіпорын шығаратын өнімнің экспорттық үлесі 30%-ға дейін артады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу