banner

"Qazaqstan TV" мобильдік қосымшасы таныстырылды

1134

"Qazaqstan TV" мобильдік қосымшасы таныстырылды

"Қазақстан" телерадиокорпорациясының  "Qazaqstan TV" мобильдік қосымшасының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды телеарнаның баспасөз қызметі.

Бұл қосымша арқылы көрермендер корпорация құрамына кіретін "Qazaqstan", "balapan" және "Qazsport" телеарналарының телеөнімдерін жоғары сапада тікелей эфирде көру мүмкіндігіне ие болмақ.  Яғни, кез-келген жерде, кез-келген уақытта қалаған бағдарламаны тікелей эфирдің браузеры арқылы кіріп тамашалауға болады.

 Енді "Qazaqstan TV" қосымшасының көрермендері телерадиоорпорация құрамына кіретін "Qazaqstan", "balapan" және "Qazsport" телеарналарымен қатар, "Қазақ радиосы", "Шалқар радиосы", "Астана" және "Классик" радиоларын еліміздің әр бұрышында тамашалай алады. "Qazaqstan TV" қосымшасын AppStore және Play Market арқылы жүктеп алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу