banner

"Сапсан" жедел тобы коммуналдық мекемелерге тексеру жүргізді

975

"Сапсан" жедел тобы коммуналдық мекемелерге тексеру жүргізді

"Сапсан" жедел тобы Ақмола облысындағы Кеңес, Красноборское және Отрадненское коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне тексеру жұмысын жүргізді, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Аталған мекемелерге тексеру жүргізу барысында екі мекеме жалпы көлемі 56,96 м3  ағашты заңсыз кесіп, орман шаруашылығына 861 262,88 теңге көлемінде зиян келтіргені анықталды.
Тексеру кезінде орман ағашын дайындау, кесу және тасымалдау тәртібін бұзу фактілері тілкеліп, орман шаруашылығына 11 3030,25 теңгеге зиян  келген деп бағаланды.
Айта кетсек, биыл ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіне ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында "Сапсан" жедел тобы құрылған болатын. Бұл топ тікелей ҚР ауыл шаруашылығы министріне бағынады.
Жедел топтың негізгі міндеттері – жануарлар дүниесін, орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру және қажет болған жағдайда осы салалардағы лауазымды тұлғалардың құқық бұзушылықтарын анықтау және жолын кесу болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу