banner

"Сара Назарбаева атындағы табиғи саябақ" жобасы таныстырылды

1198

"Сара Назарбаева атындағы табиғи саябақ" жобасы таныстырылды

Ақмола облысы Ақкөл ауданында "WAKE UP 2017" форумында "Сара Назарбаева атындағы табиғи саябақ" жобасының презентациясы өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жобаны Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен Қазақстанның туроператорлары бірігіп жасады.
"Жобаның мақсаты – Ақкөлде биосфералық резерват құру. Яғни, биологиялық ресурстарды белсенді түрде пайдалану мен ерекше эко жүйені сақтау арасында баланс орнату. Отбасылық демалысқа, саңырауқұлақ пен жидек теруге, жаяу және велосипед турларын ұйымдастыруға ерекше мән береміз. Инфрақұрылымның қаншалықты маңызды екенін көріп отырмыз", - дейді "Тұрақты даму" жер қоры президенті Алан Бесен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу