"The New York Times" газеті ЭСКПО-2017 көрмесін тамашалауға шақырады

670

"The New York Times" газеті ЭСКПО-2017 көрмесін тамашалауға шақырады

Американың танымал "The New York Times" газеті өз оқырмандарын 2017 жылы Астанада өтетін ЭКСПО көрмесіне қатысуға шақырды.

Басылым 2017 жылы назар аударуға тұратын 52 бағытты анықтаған. ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін Астана қаласы бұл рейтингте 26-орынды иеленіпті.

Ақпаратта 2017 жылы Қазақстан астанасында халықаралық EXPO-2017 көрмесі өтетіні, сонымен бірге Астанада соңғы жылдары ашылған таңғажайып мейманханалардың көптігі айтылады.

Айта кетейік, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу