"Зерде" мен АХҚО электрондық коммерция саласында ынтымақтасады

646

"Зерде" мен АХҚО электрондық коммерция саласында ынтымақтасады

"Астана" халықаралық қаржы орталығы мен "Зерде" ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау үшін қаржы технологияларды дамыту мақсатында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды холдингтің баспасөз қызметі.

Меморандумға сәйкес, АХҚО мен "Зерде" "Astana Hub" халықаралық IT-стартаптар технопаркімен бірлесе қаржы технологиялар, блокчейн-технологиялар, электрондық коммерция саласында ынтымақтасуға ниеттеніп отыр.

Ынтымақтастық шеңберінде қызметін енді бастаған кәсіпкерлер – "Astana Hub" резиденттері қаржы орталығының алаңында тіркеліп, ол ұсынатын артықшылықтарды пайдалана алады.

"Қаржы технологиялар мен электронды коммерция саласындағы инновациялық жобаларды дамыту АХҚО-ның басты бағыттарының бірі болып табылады. Біз "Astana Hub"-ты бизнеске қолайлы орта жасау, икемді реттеу және стратегиялық инвесторларды тарту арқылы жаңа жобаларды дамытуына қолдау көрсетуге дайынбыз. Осылайша, АХҚО мен "Astana Hub" өзара іс-қимылы Қазақстан мен өңірлік деңгейде басым технологияларды дамытудың іргетасын қалайды", - деді АХҚО цифрлық технологиялар жөніндегі директоры Ә. Жиенбаева.      

Өз кезегінде, "Зерде" "Astana Hub" базасында блокчейн-технологияларын қолдана отырып, жаңа пилоттық жобалар мен стартаптардың дамуына және жүзеге асырылуына көмек көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу