banner

1,5 миллиард теңге үнемделді

871

1,5 миллиард теңге үнемделді

Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев атауы берілген әуежайдың жаңа қосымша терминалына ұлттық қордан 3,5 млрд теңге жұмсалған. Жалпы құрылысқа 5 млрд теңге жұмсалады деп қарастырылған екен. Енді үнемделген қаржыны ұлттық экономика министрлігі бюджеттің басқа да кем-кетігін жамауға жұмсамақ.

Әрине, қаржы министрлігінің ішкі аудит комитетінің бұйрығына сәйкес, алдымен құжаттар рәсімделуі тиіс. Бұдан бөлек, елдегі 700 шақырымдық коммуналдық желіні қайта жөндеу жұмыстарына ұлттық қордан 53 млрд теңге қарастырылғаны да мәлім болды. Сондай-ақ, қаржыландыру жоспары бойынша, жергілікті атқарушы органдар есебінен табиғи монополия субъектілеріне де несие беріліпті. Жалпы сомасы 44,9 млрд теңге. Бүгінде қаржының 22,7 млрд теңгесі игерілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу