12 жаңа лифт пайдалануға берілді

903

12 жаңа лифт пайдалануға берілді

Астанада 12 жаңа лифт пайдалануға берілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Елордада өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша да лифттерді ауыстыру жұмыстары жалғасуда. Жақында 12 жаңа лифт іске қосылды.

Елордадағы барлық тұрғын үй кешенінің тұрғындары өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша көмекақы ала алады. Ол үшін құжаттарды "Өркен қала" бағдарламасының операторы болып табылатын компанияға жолдау қажет. Бұдан кейін келісім жасалып, мердігер таңдалады. Үрдіс толығымен тұрғындардың бақылауында жүзеге асады. Көмек қарыз 15 жылға алынса, орташа есеппен әр пәтер (ауданына байланысты) 2 мың теңгеден төлейді.

Жыл соңына дейін аталмыш бағдарлама бойынша Астанада 63 лифт ауыстырылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу