135,7 миллиард теңге игерусіз қалған

872

135,7 миллиард теңге игерусіз қалған

Биыл да бюджеттің миллиардтаған теңгесі игерусіз қалмақ. Бүгін үкіметтің селекторлық отырысында 11 айдың қорытындысын жасаған қаржы министрі Бақыт Сұлтанов әзірге қаржының 135,7 млрд теңгені құрап отырғанын жеткізді.

Ал жалпы министрліктер қажеттілігіне жұмсалып үлгермеген ақша 148,5 млрд теңге екен. Оның 10 млрд теңгесі жыл соңына дейін игеріліп бітуге тиіс дейді Бақыт Сұлтанов. Қаржының жұмсалсауын министр мемлекеттік сатып алу шарттарын орындайтын делдал компаниялар мен есеп-қисап қажатының уақытында жүргізілмеуімен түсіндіреді. Сондай-ақ түрлі заң бұзу деректерінің әшкере болуымен 256 млрд қазынаға кері қайтарылған. Аудиттік тексеру де 4 есеге артып, 4 мың тексеру жасалыпты. Бюджетке кері өткізілген қаржы 1,8 трлн теңге.

Жалпы 11 айда трантсфертті қоспағанда бюджет кірісі 6,3 трлн теңгені құраған. Шығыстар 10 трлн теңге болып отыр. Оның 71 млрд теңгесі республикалық, ол 82 млрд теңгесі жергілікті бюджеттің еншісінде. Кіріс былтырғыдан 520 млрд теңгеге артық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу