2017 жылы Йеменде 200 бала көз жұмды

701

2017 жылы Йеменде 200 бала көз жұмды

Биыл Йеменде қарулы қақтығыс салдарынан 200-ден аса бала көз жұмды. Бұл туралы дүйсенбі күні Біріккен ұлттар ұйымының балалар қоры хабарлады, деп жазады kazislam.kz.

"2017 жылы Йеменде 201 бала қаза тапты: 152 ұл және 49 қыз бала" дейді ЮНИСЕФ-тің ресми өкілі Меритксель Релано. Оның айтуынша, Йеменде соғыс зардабын 347 бала тартқан, оның 113-і қыздар. Тағы 377 бала елде орын алған қақтығыстар кезінде бопсаланып, соғысқа тартылған.

Айта кетсек, Йемендегі қарулы қақтығыс 2014 жылдан бері жалғасып келеді. Осы аралықта үш миллионнан аса тұрғын баспаналарын тастап, босқын атанды, елде 20 миллионнан аса адам гуманитарлық көмекке мұқтаж.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу