banner

2018 жылы іске қосылатын Новосібір – Павлодар әуе рейстеріне билет сатыла бастады

870

2018 жылы іске қосылатын Новосібір – Павлодар әуе рейстеріне билет сатыла бастады

2018 жылы іске қосылатын бағыт бойынша әуе билеттері қазірдің өзінде сатылып жатыр, деп хабарлайды kazembassy.ru.

"Новосібірден Павлодарға және кері бағытта аптасына екі рет ұшақ қатынайтын болды. Билеттер әуе билетімен айналысатын барлық агенттіктерде сатылып жатыр. Кез келген сайтқа кіріп қарауға болады. Ұшақтар сейсенбі және демалыс күндерінің бірінде ұшады, – деді "Аэропорт Павлодар" АҚ басқарма төрағасы Марат Шишов.

Оның айтуынша, билет бағасы 30 000 теңгеден төмен болмайды. Тікелей рейстердің кеңсесі Новосібір қаласында орналасқан "S7 Airlines" әуе компаниясы арқылы жүзеге асырмақ.

Үлкен әуе кемелері шығынды ақтамайтындықтан, аталған бағытқа 80 орындық шағын "Embraer" ұшақтары жіберіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу