250 миллион доллар қайтарылады - Бақыт Сұлтанов

709

250 миллион доллар қайтарылады - Бақыт Сұлтанов

Әзербайжан халықаралық банкінің облигациясына салған зейнетақы қорының 250 млн доллары 100 пайыз қайтарылады. Тіпті бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына белгілі бір бөлігінен кіріс түскен. Бірақ қаржы министрінің айтуынша, пайыздық мөлшерлемесі бұрынғы келісімнен төмен, деп хабарлайды astanatv.kz.

Зейнетақы қорының ақшасы Әзірбайжан халықаралық банкіне инвестиция ретінде салынған еді. Банк қаржылық қиындықтарға ұшырап, қайта құрылымдаудан өтті. Қазақстан қаражатын қайтару ісіне Әзірбайжан үкіметі араласқан болатын. Ақыры банк облигациялары мемлекеттің құнды қағаздарына ауыстырылып, қаржы 15 жыл ішінде қайтарылатын болды. 

Ұлттық банк жүргізген келіссөздер негізінде облигацияларды алмастыруға мүмкіндік туды. Сәйкесінше, қайтару мерзімі 15 жылға дейін ұзартылды. Нәтижесінде негізгі қарыз бен оның пайызы елге жүз пайыз қайтарылады. Сонымен қатар жүргізілген жұмыс нәтижесінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры кіріс алып та үлгерді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу