Мұнай өндірісін қысқарту мәселесі өзекті болып тұр

20 Наурыз 2017 16:30

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) қара алтын өндірісін азайту туралы келісімің мерзімін 2017 жылдың екінші жартысынан бастап жыл соңына дейін созуға ниеттеніп отыр. Бұл туралы Сад Арабиясы Энергетика министрі Халед әл-Фалех мәлімдеді, деп жазады The Wall Street Journal.

Оның айтуынша, ұйым қазір келісімнің мерзімін созуға сақадай сай.

«Әріптестеріммен сөйлескенде олардың барлығы мұнай өндірісін азайту туралы келісімді жылдың екінші жартысында да бұзбау керектігін айтты», -деді әл-Фалех.