MEGA Silk Way сауда, ойын-сауық орталығы 23 наурызда ашылады

20 Наурыз 17:00

Елордада MEGA Silk Way сауда, ойын-сауық орталығының ашылуына орай жұмыс кестесі уақытша өзгереді. 22 наурызда орталық сағат 21:00 дейін жұмыс істейді, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Қазіргі кезде орталық әкімшілігі 23 наурызда сағат 18:00-де өтетін салтанатты ашылуға дайындық үстінде. Шара барысында елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына артистердің, акробаттардың, каскадерлардың қатысуымен мерекелік бағдарлама ұсынылады.

Ұлы Жібек жолының сауда «көшелерімен» импровизацияланған театрландырылған шеру өтеді, HASSAK этно-фольклорлық ансамбль өз өнерін ортаға салады. Сонымен қатар қолөнершілер мен суретшілердің шығармашылық алаңы ашылады, MEGA Silk Way орталығына келушілер шеберлік сыныптарына қатыса алады.