Қазақстан кубогы ширек финалының жеребесі тартылды

21 Сәуір 2017 16:58

21 сәуір күні Астанада футболдан Қазақстан кубогы ширек финалының жеребесі тартылды, деп хабарлайды vesti.kz порталы.

Ширек финалда командалар бір ойыннан ғана өткізеді. Матчтар 10 мамыр күні, жеребеде бірінші болып түскен команданың алаңында өтеді.

Ширек финалда кездесетін жұптар:

«Жетісу» – «Ордабасы»
«Қайрат» Ертіс»
«Оқжетпес» «Шахтер»
«Атырау» «Ақтөбе»