Өтемақы төлеуге өтініш қабылдау басталды

21 Сәуір 2017 18:07

Қарағанды облысында су басқан үй иелеріне келген шығынды өтеу үшін өтініш  қабылдау басталды. Баспанасы қирап, мүліктері бүлінген тұрғындар арнайы комиссия жұмысының қортындысы бойынша өтемақы алады. Қазір аймақтағы Бұхар жырау ауданында суға кеткен Чкалов және Садовое ауылында комиссия есептеу жұмысын бастады. Айта кетейік, осы өңірде  91 үйге зақым келіп, әлі де 30 баспана қарғын су атында тұр. Ал қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар арнайы жатын орындармен туған-туыстарын паналауға мәжбүр болып отыр. Ал шығын есептеуге кіріскен комиссия мүшелері алдағы он күнде жұмысты толық аяқтап, бөлінген қаражатты үлестіріп беруді көздеп отыр.

Вера Тафтавраниди, Чкалов ауылының тұрғыны:

Мен осы өтемақыға үлкен сенім артып отырмын. Себебі менің үйім су астында қалып, қабырғаларына зақым келген. Ал ішінде тұрмыстық техникаларым істен шыққан.

Автор: Рұстам Бәйдаулет