500 келі есірткімен ұсталды

771

500 келі есірткімен ұсталды

Павлодарлық полицейлер "Көкнәр" есірткіге қарсы операциясын өткізу барысында үш адамнан құралған қылмыстық топтың жолын кесті. Қылмыскерлерден 500 келіге жуық "марихуана" және 2 келіге жуық "гашиш" өнімі табылған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Заңсыз айналымнан алынған көк шөптің жалпы құны шамамен 30 млн теңгені құраған.

"Күдіктілерге қарсы ұзақ уақыт бойы жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, оң нәтижесін берді. Ер адамдар көрсетілген есірткі заттарын біздің аумақта сатуды көздеген. Осы фактіге қатысты ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - дейді мамандар.

Көрсетілген бап бойынша санкциялау, мүлікті тәркілеу арқылы 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады. Қолға түскен екі адамға қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы санкцияланды, үшіншісіне қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу