92 азамат шетелде жүріп уақытша тіркеу қызметін пайдаланған

823

92 азамат шетелде жүріп уақытша тіркеу қызметін пайдаланған

92 азамат шетелден Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеуді рәсімдеген, деп хабарлайды "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі.

2017 жылғы қаңтарда eGov.kz порталында үйден шықпай-ақ тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу мүмкіндігі жүзеге асырылған болатын. Бұл қызмет бойынша бір жерде 1 айдан 48 айға дейін уақытша тіркеле алады, бұдан басқа тұрақты мекенжайы сақталады. 5 ақпараттық жүйенің ("Жеке тұлғалар" МДҚ, "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДҚ, "Мекенжай тіркелімі" АЖ, "Халықты құжаттандыру және тіркеу" Тіркеу пункті" АЖ, "Электрондық үкімет порталы" АЖ) интеграциясының арқасында қазіргі уақытта азаматтар онлайн режимде небәрі 15 минут ішінде уақытша тіркеу қызметін рәсімдей алады.

2017 жылы электрондық үкіметтің порталы арқылы уақытша тіркеуге барлығы 30 746 адам тіркелген. Олардың 48%-ы ерлер, 52 %-ы әйелдер. Аталған қызметті пайдаланған адамдардың ішіндегі ең жасы 16 жасар Астана қаласы Алматы ауданының тұрғыны. Ал ересек адамдардың осы қызметті пайдаланушылардың ішіндегі ең жасы үлкені 94 жастағы қария болып шықты (Алматы қаласы, Медеу ауданы). Мұнымен қоса 92 азамат шетелден Қазақстандағы тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеуді рәсімдеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу