Астанаға Қырғыз елінің премьер-министрі бастаған делегация келді

18 Қазан 2017 21:00

Астанаға Қырғызстан Республикасының премьер-министрі Сапар Исаков бастаған үлкен өкілдік делегация келді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Қырғызстан делегациясының құрамында бірінші вице-премьер-министр Т. Абдығұлов, сыртқы істер министрі Э. Абдылдаев, қаржы министрі А. Қасымәлиев, экономика министрі А. Новиков, мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы А. Сулайманов, мемлекеттік салық қызметінің төрағасы О. Абдыкаимов, экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі мемлекеттік қызмет төрағасы З. Осмонов, мемлекеттік көші-қон қызметінің төрағасы М. Айдаралиев, мемлекеттік шекара қызметі төрағасының орынбасары К. Исаков және т. б. бар.

Шағын құрамда екіжақты келіссөздер жүргізілді. Қазір екі елдің министрліктері мен ведомстволары басшыларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөздер жүріп жатыр. Кездесуге қырғыз тарапы бастамашылық еткен.