Акцияға қатысқандар хайуанаттар бағына 20-дан астам жануар сыйлады

1242

Акцияға қатысқандар хайуанаттар бағына 20-дан астам жануар сыйлады

Жыл басынан бері Қарағандыдағы хайуанаттар бағына 20-дан астам жануар сыйға тартылды, деп хабарлайды karaganda-region.gov.kz.
Чампан зебрасын сатып алуға "Южный" супермаркет желісінің иелері көмектесті. Ал фермерлік шаруашылықтар зообаққа амур жолбарысын, еліктер, жайра және шиншилла, сондай-ақ тауыс, үкі және тотықұстарды сыйлады. 
Хайуанаттар бағының басшылығы "Жылы жүрек – жомарт қол" акциясына қатысып, көмек бергендерге алғыс білдірді. 
Қарағанды мемлекеттік зоологиялық бақ республика бойынша ең ескі бақтың бірі. Зообақ 1938-ші жылы ашылған. 2012-ші жылы оған жергілікті маңызға ие ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі берілген болатын. 2013-ші жылдан бері ол ЕААЗАҚ халықаралық ұйымының құрамына еніп, жақын және алыс шетелдердің көптеген зообағымен серіктеседі. Бүгінгі таңда қарағандылық хайуанаттар бағында 200-ден астам жануар түрі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу