Ақмола облысында өндірістің табыстылығы 13,8 %ды құрады

893

Ақмола облысында өндірістің табыстылығы 13,8 %ды құрады

2016 жылдың 3 тоқсанындағы жедел мәліметтерге 42 ірі және 142 орта кәсіпорынның (ұйым) көрсеткіштері кіреді, деп хабарлады облыстың статистика департаменті.

Есеп берген субъектілердің сальдоланған қаржылық нәтижесі 15762,5 млн теңге сомасында кіріс ретінде белгіленді. Жалпы алғанда, облыс бойынша өндіріс залалы 2016 жылғы 3 тоқсанда 13,8 %-ды құрады.

"Оң қаржылық нәтиже ауыл, орман және балық шаруашылығы (8304 млн теңге), кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (5882,5 млн теңге), өңдеу өнеркәсібі (4363,8 млн теңге) кәсіпорындарынан алынды. Өңірлер бойынша жалпы нәтижеден түскен табыстың біршама сомасы Жақсы (6302,2 млн теңге), Бурабай (5716 млн теңге), Еңбекшілдер (1827,8 млн теңге) аудандардың кәсіпорындарына келді", - делінген хабарламада.

Табысқа жеткен шаруашылық субъектілерінің үлесіне 2016 жылдың 3 тоқсанында жалпы есеп бергендердің кәсіпорындарына 57,6 % (106 бірлік) келеді. Табыстың айтарлықтай біршама сомасы ауыл, орман және балық шаруашылығы 10041 млн теңге (табыстың жалпы сомасынан 42,1 %), кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 6551,5 млн теңге (27,5 %), өңдеу өнеркәсібі  – 5152,2 млн теңге (21,6 %) кәсіпорындарында шоғырланған.

Аумақтардағы табысқа жеткендердің негізгі үлесі Жақсы (табыстың жалпы сомасынан 26,4 %), Бурабай аудандарының (24,9 %) , Көкшетау қ.ә. (9,8 %) кәсіпорындарына келеді.

Есепті тоқсанда теріс қаржылық нәтиженің біраз бөлігі ауыл, орман және балық шаруашылығы (-1737 млн теңге), көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (-1687,8 млн теңге) кәсіпорындарына келді. Облыс қалалары мен аудандары бойынша қаржылық нәтиже шығынының біраз сомасы Көкшетау қ.ә. (-3183,7 млн теңге), Степногор қ.ә. (-2163,6 млн теңге) кәсіпорындарында болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу