Ақмола облысында жетім балалар баспаналы болды

1028

Ақмола облысында жетім балалар баспаналы болды

Ақмола облысы Есіл ауданының әкімі Аманбек Қалжанов жетім балаларға жаңадан салынған көпқабатты тұрғын үйден 15 пәтердің кілтін табыс етті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Салтанатты шараға аудан әкімдігінің басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мен білім бөлімдерінің басшылары қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Осы орайда, аудан әкімі А.Қалжанов ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында су жаңа үйден баспаналы болып отырған жетімдерді құттықтап, жаңа пәтердің кілтін салтанатты түрде табыс етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу