Ақмола облысының Краснояр ауылын су басты

862

Ақмола облысының Краснояр ауылын су басты

Ақмола облысында өткен "Көктем-2017" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу барысында төтенше жағдайларды жою кезінде басқарма органдары мен мемлекеттік азаматтық қорғаныс күштерінің дайындығы тексеріліп, алгоритмі пысықталды, деп хабарлайды inform.kz.

Көктемгі су тасқыны салдарынан туындайтын төтенше жағдайлардың зардабын жою кезінде іс-қимыл және азаматтық қорғаныс жүйесінің дайындығын анықтау мақсатында ұйымдастырылған шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Жанболат Смайылов және жергілікті атқарушы органдар, ҚР ІІД ТЖК өңірлік бөлімшелері және азаматтық қорғаныс құрылымдары тартылды.

Мұндай шаралар Ақмола облысының әр ауданында қолға алынды. Соның бірі – облыс орталығының іргесінде орналасқан Краснояр селосындағы Шағалалы су қоймасында өтті. Оған 287 адам, 92 техника жəне 4 жүзу құралы жұмылдырылды.

Арнайы-тактикалық жаттығу жұмысы барысында "су басқан аймақтардағы тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру", "өмірлік маңызы бар нысандардан шыққан өртті сөндіру", "өмірлік маңызы бар нысандарға келтірілген зардапты жою", "су қоймаларында іздеу-құтқару жұмысын жүргізу" сынды төтенше жағдайларды жою кезінде басқарма органдары мен мемлекеттік азаматтық қорғаныс күштерінің дайындығы тексеріліп, пысықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу