Ақмола облысының мұқтаж отбасыларына 830 мың теңге жиналды

651

Ақмола облысының мұқтаж отбасыларына 830 мың теңге жиналды

"Асар" қайырымдылық аукционында Ақмола облысының мұқтаж отбасыларына 830 мың теңге жиналды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Зеренді ауданындағы Мәдениет үйінің көрермендер залында жеке кәсіпкерлердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың, білім беру мекемелері басшыларының, мемлекеттік қызметкерлердің, өңірдің барлық селолық-ауылдық округтерінің қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің, Зеренді ауылы тұрғындарының қатысуымен алғаш рет "Асар" қайырымдылық акциясы өтті.

Аукционға Зеренді ауданы Балалар шығармашылығы үйінің тәрбиеленушілері әзірлеген әртүрлі бұйымдар, қөлөнер туындылары шығарылды. Осы жерде қайырымдылық акциясына қатысушылардың белсенділігінің нәтижесінде саудаға шығарылған лоттардың бастапқы бағасы үнемі өзгеріске ұшырап, белгіленген межеден бірнеше есе қымбатқа сатылғанын айтып өту қажет.

Сауда аяқталғаннан кейін комиссия жиналған қаражатты жариялады. Аукционнан түскен 830 мың теңге қымбат ем қабылдауға мәжбүр болып отырған Настя Лакомкина мен Әсет Байжоловтың ата-анасына теңдей бөліп берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу