banner

АҚШ-тың Панамадағы елшісі Дональд Трампқа қызмет ете алмайтынын мәлімдеді

772

АҚШ-тың Панамадағы елшісі Дональд Трампқа қызмет ете алмайтынын мәлімдеді

АҚШ-тың Панамадағы елшісі Джон Фили бұдан соң президент Дональд Трампқа қызмет атқара алмайтыны туралы мәлімдеп, отставкаға кетуге өтініш берген, деп хабарлайды azattyq.org.

"Дипломатиялық қызметкер ретінде мен президент пен оның әкімшілігіне саяси көзқарасыма қарамастан, тіпті басшылықтың кей саяси қадамдарымен келіспесем де адал қызмет етуге ант қабылдағам. Жетекшілерім маған егер әлгіндей қызмет атқара алмайтын болсам, онда абыроймен отставкаға кетуім дұрыс болатынын айқын ұқтырған. Сол уақыт келді" делінген дипломаттың хаттында.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Филидің жұмыстан кететіні туралы ақпаратты растаған және оның өз шешімі жөнінде Ақ үй мен Панама үкіметін хабардар еткенін айтқан. Мемлекеттік департамент өкілі дипломат "жеке себептерге" байланысты шешім қабылдаған деп түсіндірген. Оның хабарлауынша, Джон Фили наурыздың 9-ында қызметінен босатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу