Ақсудағы жылыжай өнімінің 30 пайызын Ресей нарығына жөнелтті

998

Ақсудағы жылыжай өнімінің 30 пайызын Ресей нарығына жөнелтті

2017 жылдың желтоқсан айында іске қосылған "Ақсу жылыжай кешені" ЖШС Ресей нарығына өнімнің 30 пайызын жіберген. Бұл туралы кәсіпорын директоры Ансат Жанатаев айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
"Бүгінгі күні тәулігіне алты-жеті тонна өнім аламыз, - дейді Ансат Жанатаев. - Өткен жылдың 24-қазаны мен желтоқсан аралығында 100 тоннадан астам қияр шығарылды. Біздің көкөніс Ресейдің Омбы, Новосібір өңірлері мен еліміздің Астана, Павлодар аймақтарында біртіндеп сатылымға қойылуда. Тапсырыс берушілер қиярды тікелей  базамыздан өздерінің жүк көліктерімен алып кетеді". 
Директордың сөзіне сүйенсек, өнімнің келісі 500-600 теңге көлемінде саудаланады. Баға нарыққа байланысты. Мұнда қиярдың екі түрі - қысқы голландиялық мева және рапидес өсіріледі. Тұқымның қымбат болғанына қарамастан, сапасы өте жоғары.

Кәсіпкер биылғы жылы 9-наурыздан бастап қиярдың көктемгі тұқымын голландиялық тәсілмен өсіруді қолға алмақ. Сонымен қатар, қаңтар-ақпан айларында өнім қуаттылығын 150 тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда жылыжайда 50 адам еңбектенуде. 1,5 миллиард теңге көлемінде жеке инвестицияға салынған жылыжай Ақсу жылу электр станциясының жанында орналасқан. Кешен басшылығы жылдың соңына дейін 1 мың тонна өнім алуды көздеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу