Ақтау қаласына жаңа әкім тағайындалды

1352

Ақтау қаласына жаңа әкім тағайындалды

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов аймақтың активіне Ақтау қаласының жаңа басшысын таныстырды, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ақтаудың әкімі болып Ғалымжан Ниязов тағайындалды.  Ол осыған дейін Маңғыстау облысы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және инновация мәселелері бойынша кеңесшісі қызметін атқарды.

Ғалымжан Ниязов Мұқырұлы Маңғыстау облысы, Шетпе селосында 1973 жылы 14 сәуірде дүниеге келген.

 2000 жылы Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық политехникалық университетін, 2008 жылы Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік және инжиниринг университетін тәмамдаған.

Ол еңбек жолын 1990 жылы Шевченко қаласында слесарь, кәсіпорынның жүргізушісі болып бастаған.

2013-2014 жылдары аралығында Қызылорда облысы құрылыс басқармасының  бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары болды.

2014 жылдан 2016 жылға дейін Қызылорда облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болды.

2016 жылдан 2017 жылға дейін Астана қаласында "СК-Фармация" ЖШС-де бөлім басшысы, басқарушы директор, департамент директоры болып қызмет етті.

2017 жылы наурыз айынан бастап Маңғыстау облысы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және инновация мәселелері бойынша кеңесшісі қызметін атқарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу