banner

Ақтауда 2,1 млрд долларға Эко-қала салынады

1123

Ақтауда 2,1 млрд долларға Эко-қала салынады

Маңғыстау облысының әкімдігінде Ақтау Эко-қаласын салу және қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Келісім Маңғыстау облысының әкімдігі, "Global Project Capital Ltd" (Ұлыбритания), AAG Corporate Services Ltd (Ұлыбритания), China Road and Bridge Corporation (CRBC) (ҚХР және Гонконг) компаниялары арасында жасалды.

Тараптар Маңғыстау облысындағы Ақтау эко-қалашығының ірі жобасын әзірлеу үшін құрылыстың бас мердігерін және қаржыландыру құрылымын тағайындайды. Келісімге сәйкес, инвестиция көлемі Ұлыбритания тарапынан 2,1 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі жобаның 100% -ын, ал қытайлық тарап 400 миллион долларға банктік кепілдікті қамтамасыз етеді. Жобаны жүзеге асыру үшін Маңғыстау облысының әкімдігі облыс орталығының солтүстік бөлігінен 865 гектар жер бөледі.Мұнда қолжетімді баспана, коммерциялық және сауда орталықтары, мектептер, балабақшалар мен медициналық орталықтар салынады.

Сонымен қатар, IT парк, қонақ үй брендтері, спорттық стадиондар, ойын-сауық мекемелері және түрлі мемлекеттік қызметтер, заманауи энергетикалық/экологиялық таза технологиялармен тасымалдау қызметтері көрсетілетін эко-қала әлемдік саяси аренада еліміздің беделін өсірген "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінің жалғасы болмақ. Ақтау қаласының әкімдігі инфрақұрылымды, оның ішінде жолдарды, энергиямен жабдықтауды, кәрізді және сумен қамтамасыз етуді өз міндетіне алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу