Ақтөбе әкімі облыстағы барлық кәсіпорын жұмысшыларына сыйақы төлеуді тапсырды

1011

Ақтөбе әкімі облыстағы барлық кәсіпорын жұмысшыларына сыйақы төлеуді тапсырды

Ақтөбе облысының басшысы Бердібек Сапарбаев облыстағы барлық кәсіпорын жұмысшыларына Тәуелсіздік күні қарсаңында сыйақы төлеуді тапсырды. Бұл туралы әкім Алға ауданында тұрғындармен кездескенде мәлім етті, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Айта кетейік, облыс басшысы бүгін Алға ауданында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Сапарбаев мектеп және екі бесқабатты үйдің құрылысымен танысты. Сонымен бірге, әкім газ реттеу стансасында болып, ондағы жұмысшылардың жағдайын білді.

Облыс басшысы барлығын келе жатқан мерекелерімен құттықтап, ел игілігі үшін жұмыс істей беруге тілектестігін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу