Ақтөбе облысында газ жеткізілмеген 264 елдімекен бар

769

Ақтөбе облысында газ жеткізілмеген 264 елдімекен бар

Ақтөбе облысында құны 6,7 млрд теңге болатын 37 газбен және сумен жабдықтау жобасы жүзеге асырылуда. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруалығы басқармасының басшысы Дастан Аманов айтты, деп хабарлайды  "Ақтөбе ақпарат" орталығы.

Оның мәліметтері бойынша облыстың 730 173 (87%)  адам тұратын 375 елді мекенінің 111-і (29,6%) газдандырылған.

2017 жылы облыс бюджетінінң есебінен жалпы сомасы 1 млрд-тан аса теңгеге жеті жоба жүзеге асырылып жатыр. Жобалардың қатарында Шалқар ауданының Байқадам және Қарғалы ауданының Жосалы, Кемпірсай, Әйтеке би ауданының Аралтөбе ауылдарына тартылатын газ құбырының құрылысы, Шалқар ауданының Байқадам, Шетырғыз, Қарғалы ауданының Жосалы, Мәртөк ауданының Казанка ауылдары ішіндегі газ тарату желілерінің құрылысы бар.

"Маусым айында Мәртөк ауданының Казанка ауылындағы газ тарату желілері, қыркүйек айында Шалқар ауданының Байқадам ауылына тартылатын газ құбыры пайдалануға берілді", - деп хабарлады Аманов. Жыл соңына дейін Қарғалы ауданының Жосалы, Кемпірсай ауылдарын, сондай-ақ, Шалқар ауданының Шетырғыз, Байқадам ауылдарындағы төрт газбен жабдықтау нысандарын тапсыру жоспарда бар", - деп хабарлады Аманов.

760 334 (90,6%) адам тұрып жатқан барлық қалалық және 164 (45,9%) елді мекен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген.

Орталықтандырылған сумен жабдықтау көрсеткіші қалалық елді мекендердің 100%-ын, ауылдық елді мекендердің – 44,7%-ын құраса, ауылдық елді мекендердің қалғаны 65,3%-ы орталықтандырылмаған суды (шахталық құдықтарды) пайдаланады.

2017 жылы "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында жалпы сомасы 2,3 млрд теңге болатын он жоба жүзеге асырылуда. "Өңірлерді дамыту 2020" бағдарламасы шеңберінде 3,4 млрд теңгеге жиырма жоба жүзеге асырылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу