Ақтөбе облысында биыл 38 балабақша ашылады

1045

Ақтөбе облысында биыл 38 балабақша ашылады

Ақтөбе облысында 26 мектеп салынып жатыр. Оның ішінде биылғы жылы кемінде 13-і пайдалануға беріледі. Бұл туралы тұрғындармен кездесу барысында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды aktobenews.kz.
Сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде 5,7 мың орынға арналған 38 балабақша ашу жоспарланып отыр. Бұл 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды 98%-ға арттырады.
"2017 жылы 3500-ден астам орынға 39 мектепке дейінгі мекеме ашылды. Бұл 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтуды 93%-тен 96% -ке дейін арттыруға мүмкіндік берді. 32 мектептің құрылысы жалғасуда, оның ішінде 15 апаттық жағдайдағы, төрт ескі және жеті үш ауысымдық мектептің мәселесі шешілді", - деді Бердібек Сапарбаев.
Аймақ басшысы "Бақытты бала" жобасының аясында жүзеге асырылатын шаралар туралы баяндады. Жоба 218 балабақшаны және 243 мектепті интерактивті жабдықпен жабдықтауды, робототехникаға арналған ресурстық орталықтар ашуды, жалпы мектептерде 77 спорт алаңдарын және тағы басқаларды жабдықтауды қарастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу