Ақтөбе облысында су қоймалары салынады

1197

Ақтөбе облысында су қоймалары салынады

Ақтөбе облысында суармалы алқаптардың аумағын ұлғайту үшін 10 су қоймасы салынады, деп хабарлайды 24.kz. Яғни 600 млн текше метр қар суын тиімді пайдалануға мүмкіндік бар.

Сонымен бірге өңірдегі Сазды, Ақтөбе және Қарғалы су қоймаларын қайта жаңғыртып, сыйымдылығын арттыру жұмысы жүріп жатыр. Мысалы, бір ғана Сазды су қоймасының сыйымдылығы 6 млн текше метрден 7,5 млн текше метрге дейін ұлғайды.

Есесіне қоймадағы су мың гектар алқапты және қаладағы гүлзарлар мен саябақтарды суаруға жетеді. Су қоймасын қайта жаңғыртуға 131 млн теңге бөлінген. Өңірде ірі бөгеттер мен тоғандарды түгендеу және құжаттарын реттеу жобасы қолға алынды. Себебі су көздерінің көбі жекенің меншігіне өтіп кеткен. Қазіргі таңда ірі су қоймаларындағы су деңгейі жіті бақылауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу