Ақтөбе облысындағы 659 ескерткіштің 100-ге жуығы жойылып кеткен

1708

Ақтөбе облысындағы 659 ескерткіштің 100-ге жуығы жойылып кеткен

Ақтөбелік кәсіпкерлер көне археологиялық ескерткіштерді сақтап қалуға ат-үсті қарағаны үшін айыппұл ретінде миллиондаған қаржы төлеуі мүмкін. Бұл жөнінде Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы ескертпе жасады.

Ресми органның мәліметінше, соңғы жылдары өңірде ескерткіштер мен қорғандарды бұзу дерегі жиіленіп кеткен. Оған жеке кәсіпкерлердің тарихи-мәдени мұра ескерткіштері бар жер учаскелерінде егіс алқабын жырту, құрылыс материалдары үшін құм-тас карьерлерін ашу мен жол салу жұмыстары себеп болып отыр. Осының нәтижесінде облыстағы 659 ескерткіштің 100-ге жуығы жойылып кеткен. Олардың ішінде тас және қола дәуірінен қалған көне қорғандар да бар.

Фархад Досмұратов, Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының бас инспекторы:

"Жер игерушілер, оның ішінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер бар, керстянский хозяйстволар бар, солардың жасап отырған, пайдаланып отырған жерлерін тексеріп, ол жерде қорған бар ма, тарихи-мәдени ескерткіштер бар ма, соны анықтауға болады. Сонымен олар жерді игеріп жатқан кезде ана ескерткіштерді дұрыс қарамай, зиян келтіріп жатқан жағдайда оларға үлкен 200 мың МРП айппұп салынады оларға".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу