Әлеуметтік дүкендерде картоп 85 теңгеден сатылатын болады

1081

Әлеуметтік дүкендерде картоп 85 теңгеден сатылатын болады

Павлодарда әлеуметтік дүкендерде 2018 жылдың мамыр айына дейін картоптың келісі 85 теңгеден сатылатын болады. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ораз Дүзденбаев айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Оператормен жасалған меморандум негізінде картоптың келісі 70 теңгеден босатылады, - дейді Ораз Дүзденбаев. - Ал, 1-ақпаннан бастап 1-мамырға дейін баға 85 теңге көлемінде сақталады. Картоп жеткілікті. Жуырда тұрғындар арасында маусымдық дүрлігу болған. Бүгінде жағдай тұрақталды. Әр сенбі сайын жәрмеңкеге 20 тонна өнім жеткізіледі".

Ведомство басшысының айтуынша, биылғы жылғы жиналған 488 мың тонна өнімнің 320 мың тоннасы көкөніс қоймаларына салынған. Өңірде көкөніс пен картопты сақтауға арналған сыйымдылығы 322 мың тоннаны құрайтын 119 көкөніс қоймасы бар. Оның 80 пайызы заманауи технологиялық құралдармен жабдықталған. Өзге өңірлерге экспорттау үшін 150 мың тонна картоп дайындалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу