Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 60 миллиард теңгеге жуық жарна түсті

753

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 60 миллиард теңгеге жуық жарна түсті

Биылғы қазан айында жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ-ның Ұлттық банктегі шотына 6 млрд теңгеге жуық сақтандыру жарнасын аударды, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылған шілде айынан бері түскен жарналар мен аударымдар мөлшері 18,6 млрд теңгеге жетті. Оның 81 пайызы немесе 15,02 млрд теңгесі жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары. Ал, қалған 19 пайызы немесе 3,54 млрд теңге жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.
Жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы (жалпы соманың 21,6%) мен Астана (12%) қалалары, сондай-ақ Қарағанды (8,2%) және Шығыс Қазақстан (7,4%) облыстары көш бастап тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу