banner

Алматы облысында 600 отбасы баспанасыз қалуы мүмкін

922

Алматы облысында 600 отбасы баспанасыз қалуы мүмкін

Алматы облысында шенеуніктер 12 жыл бұрын сатылып кеткен жерлерді заңсыз деп қайтарып алмақ. Бұны естіген тұрғындар далада қаламыз ба деп қорқып отыр, деп хабарлайды КТК. 
Бұл аумаққа үй салуға болмайтынын жер басқармасының мамандары араға он жыл салып анықтапты. Учаске иелерін сотқа беріп жатқан да солар. Айтуларынша, Іле ауданының әкімдігі 2005 жылы 63 гектар жерді заңсыз бір серіктестікке бөліп берген. Ал олар өз кезегінде әрбір алты сотық жерді 15 мың доллардан қарапайым халыққа сатқан. Сөйтіп 1,5 миллион доллар пайдаға кенеледі. 

Басқарма тарапынан құжаттар жинақталып жер кодексінің 14/1 бабының 4-тармақшасына сәйкес сотқа талап-арыз берілді. Яғни "Іле Басы" ЖШС берілген 63 гектар жер учаскесінің қаулысын заңсыз деп тапты", – дейді Алматы облыстық жер ресурстарын бақылау басқармасының бөлім басшысы Асылхан Байшоранов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу