Алматыда атыс ұйымдастырғандардың кім екені белгілі болды

1214

Алматыда атыс ұйымдастырғандардың кім екені белгілі болды

Алматыда арнайы операция кезінде ұсталғандардың кім екені анықталды. Күдіктілердің бұған дейін де суық қару сақтағаны үшін істі болғаны белгілі болып отыр. Олардың бірі - 38, екіншісі - 23 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысының тумалары. Олар тізгіндеген көлікті тінту барысында арнайы жасақ 7,62 калибрлы автомат пен оған арналған 30 патрон, аңшы пышағы және бронежилет тәркілеген.

Оқиға туралы ақпарлар алдымен әлемуттік желіде тарады. Онда кәугерлер түнгі 11-лер шамасында полиция Фурманов пен Сәтпаев көшесінің қиылында арнайы операция жүргізгенін жазған.

Оқиғаға қатысты Алматы қаласының ішкі істер департаменті журналистерге арнайы брифинг өткізуге тиіс. Толығырақ алдағы жаңалықтарымызда айтатын боламыз

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу