Алматыда бірнеше ірі жол апаты болды

582

Алматыда бірнеше ірі жол апаты болды

Алматыда әл-Фараби даңғылында бірнеше ірі жол апаты болды. Онда 40-тан аса көлік соғысты, деп хабарлайды СТВ телеарнасы.

Жол апаты салдарынан бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болды. Бірінші жол апаты әл-Фараби даңғылы мен Мұстафин көшесінің қиылысында болған.

Онда 6 көлік соғысқан. Ал одан кейінгі екі жол апаты Дулати көшесінің маңында болған. Тағы 3 жол апаты Навои мен Розыбакиев көшелерінің аумағында болған.

7 көлік бүлінген. Сондай-ақ шығыс айналма жолында 10 көлік соғысқан. Алдын-ала дерекке сүйенсек, жол апатынан екі адам зардап шеккен. Оның біреуі бала. Зардап шеккендер ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу