Алматыда Наурыз мейрамы қарсаңында 8 отбасыға жер телімі берілді

575

Алматыда Наурыз мейрамы қарсаңында 8 отбасыға жер телімі берілді

"Наурыз" мерекесі қарсаңында ҚМДБ Алматы өңіріндегі өкілдігі тұрмысы нашар отбасыларға арнап қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Қайырымдылық шарасының мақсаты – пәтер жалдап отырған отбасыларға болашақта өз баспаналары болып, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін шаттық көңілмен атап өтуге ықпал ету. Жаны жомарт азаматтардың демеушілігімен тұрмысы нашар 8 отбасыға жер телімін Алматы өңірінің өкіл имамы Қуаныш Бақытбекұлы салтанатты түрде табыстады. Сыйлыққа жер телімін алған аналардың жүздері қуанышқа толып, алғыстарын айтты.

Алла Тағала Құранда былай дейді: "Сондай қайыр істегендер, бергенін міндет етіп, ренжіту араластырмаса, (беріп алып бұлданбаса, кейітпесе) оларға Раббыларының құзырында сыйлық бар. Сондай-ақ оларға қорқыныш жоқ, әрі олар қайғырмайды" ("Бақара" сүресі, 262-аят).

Қайырымдылық іс-шара соңында өкіл имам Алладан дұға жасап, ізгі ниет тілегін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу