banner

Алматыда шаруашылық нысандарынан өрт шықты

831

Алматыда шаруашылық нысандарынан өрт шықты

Оңтүстік елордамыздың Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті хабарлағандай, Наурызбай ауданы "Қалқаман-2" шағын ауданында Молдабеков 78 мекенжай бойынша шаруашылық нысандарынан өрт шыққан. Содан соң екі қабатты үйдің шатыры да өртке оранады, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Алғашқы өрт сөндіру жасағы оқиға орнына 13.07-де келіп жеткен. Кейінірек анықталғандай, ауладағы монша, дүкеннен өрт шығып, жұмыс істемейтін өндірістік цехтың екінші қабаты мен шатырын шарпыған. Салдарынан трансформаторлық подстанцияға зақым келді. 

Өрт сөндірушілер өртті 14.02-де ауыздықтады. Өрт аумағы 200 шаршы метрді алып жатыр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу