Алматыдан Гонконгке ұшақ аптасына 3 рет қатынайтын болады

503

Алматыдан Гонконгке ұшақ аптасына 3 рет қатынайтын болады

Cathay Pacific пен Аir Astana өзара кодшерингтік келісімге қол қойды. Бұл Cathay Pacific клиенттері үшін Қазақстаннан жәнеАir Astana әуекомпаниясының клиенттері үшін Гонконгтан Азия және Австралияға саяхат жасауға туристік мүмкіндіктерді арттырады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

15 наурыздан бастап Cathay Pacific компаниясы Аir Astana әуекомпаниясының Гонконгтан Алматыға тікелей рейстеріне CX кодын қосады.

Қазіргі уақытта қазақстандық тасымалдаушы Алматыдан Гонконгқа аптасына екі рет ұшып, 25 наурызда үшінші жиілікті қосады.

Сондай ақ, Cathay Pacific компаниясы Аir Astana-ның Бангкок пен Алматы және Сеул мен Алматы арасындағы рейстеріне, ал Аir Astana Гонконгтан орындалатын Cathay Pacific компаниясының Сидней, Мельбурн, Перт және Сингапурға рейстеріне билеттерді сатуды бастайды.

Жаңа кодшерингтік келісім арқылы билеттер  www.airastana.com  және  www.cathaypacific.com сайттарында қол жетімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу