Антибиотикті бақылауға арналған ұлттық жүйе әзірленеді

1142

Антибиотикті бақылауға арналған ұлттық жүйе әзірленеді

Антибиотиктен келер қауіп өршіп тұр. Еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин осылай деді.

Оның айтуынша адам мен төрт-түлікке арналған екпелердің саны 12 түрлі деп бекітілгенімен, сатылымда тұрғандарының саны 40-тан асып жығылады.

Мамандар күнделікті тұтынатын өнімдерге антибиотиктердің шектен тыс қолданылуы адам ағзасына зиян деп дабыл қағуда. Яғни, екпеге бой үйреткен адам ағзасына кейін ем қонбайды. Осы орайда мамандар қос тараптың басын біріктіретін ортақ зерттеу орталығын құруды ұсынып отыр. Саладағы тағы бір мәселе - көпшіліктің дәрігердің кеңесінсіз антибиотиктерді қолдануы. Проблеманың алдын-алу үшін билік иелері антибиотикерді бақылауға арналған ұлттық жүйе әзірлемек. Бұл ел көлемінде дәрі-дәрмектің қолданысын қадағалауға мүмкіндік береді. Бүгінде мұндай жүйе әлемде 67 елде енгізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу